Астанадан Алматыға КС954 рейсімен ұшқалы тұрған 44 жастағы азамат тіркеу кезінде жол жүгімен қару мен есірткі алып бара жатқанын жеткізген.
Астана әуежайында әзілдеген жолаушы 17 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін
2,749
оқылды

Әуежай қызметкерлері бірден "қауіпті" жолаушы тұрған аймақты қоршауға алып, Мемлекеттік күзет, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, терроризмге қарсы орталыққа жедел хабар берді, деп жазды Aikyn.kz.

Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушының қол жүгін тексеріп, жолаушыны желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды. Жолаушы желілік полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде қол жүгінде қару мен есірткі барын әзіл ретінде хабарлағанын жеткізген.

Zakon.kz-тің жазуынша, ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің нұсқамасымен Астана халықаралық әуежайында дабыл алынып тасталды.

Күдікті аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы ("Дайындалып жатқан терроризм актісі бойынша жалған ақпарат тарату") бойынша 5 000 АЕК (17 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады.