Ақтауда қатты желден балабақша шатыры ұшып кетті (видео)

Оқиға 28 желтоқсан күні кешке болған.

Ақтау қаласында қатты жел салдарынан 3-шағын аудандағы балабақшаның шатыры ұшып кетті. Ол жақын жерде тұрған 6 көліктің үстіне құлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтаудағы 3-шағын аудандағы балабақша ғимаратының шатырының бір бөлігі опырылып, алтыға жуық көлік зақымдаған. Зардап шеккендер жоқ.

Тұрғындар әлеуметтік желіде оқиғаның салдары түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Ал әзірге көліктерді кім қалпына келтіретіні белгісіз.