Барлық өңірде қалалық автобустар жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесіне көшті

Қоғамдық көліктердің тозу деңгейі 13 пайызға дейін төмендеді.

Еліміздің барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл Қазақстанды Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын. Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізілді. Аталған шаралар тозу деңгейін 13 пайызға дейін төмендетті (46%-дан 33%-ға дейін).

Сондай-ақ, жыл ішінде барлық өңірде қалалық автобустар электронды жолақысын төлеуге көшті.

Өз кезегінде автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу аялдамаларға автобустардың келуі арасындағы ең көп аралықты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл аралықты 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жолаушылар саны 9%-ға артып, 1,5 млрд жолаушыны құрады.