Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Абай облысында терроризмді насихаттаумен айналысқан күдікті ұсталды
763
оқылды

29 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен терроризмді насихаттаған Абай облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адам әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.