"Қазгидромет" РМК 30 желтоқсан – 1 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы жарияланды
9,250
оқылды

Жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Атлантика аудандарынан тағы бір циклон жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде, көктайғақ және бұрқасын, желдің күшеюімен келеді.

Ауа температурасы: түнде солтүстікте 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, орталықта 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 3-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқуы, батыста басым температура 3 градус аяз-2 градус жылы, шығыста 0-10 градус аяз, оңтүстік-шығыста 2-10, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз-2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады.