8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
8 облыста 43 жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды
фото: el.kz
1,095
оқылды

8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Ақмола облысында – 12 учаске
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Қарағанды облысында – 5 учаске
Қостанай облысында – 7 учаске
Павлодар облысында – 2 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 13 учаске
Түркістан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (қар аралас жаңбыр, көктайғақ).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 687 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.