Жақында блогердің әпкесі Фариза Төреәлі ана атанған еді.
Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанды
1,843
оқылды

Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы Дина Төреәлі ана атанды, – деп хабарлады Aikyn.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

“Құрсағымда бір құлыншақ жатыр. Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бұл сезімді айтып жеткізу мүмкін емес сірә. Осы әлемдегі әр нәзік жанды ана бақытын сезінсін деп шын жүрегіммен Алладан тіледім”, – деп жазған болатын блогер бұған дейін. 

Жақында блогердің әпкесі Фариза Төреәлі ана атанған еді.

Тіпті блогер перзентханадан шыққан сәтін де жариялап та үлгерді. Динаның жолдасы жеке парақшасына видео жүктеп, “Ұлым” деп жазды.