Оқыс оқиғадан қаза тапқандар бар.
Астана-Петропавл тасжолында бір мезетте 16 көлік соқтығысты
826
оқылды

Астана-Петропавл республикалық тасжолында ірі жол апаты болды. Бір уақытта 16 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 29 желтоқсан күні сағат 13.25-те республикалық тасжолдың 396-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 көлік: төрт жүк көлігі, үш ГАЗель және тоғыз жеңіл көлік соқтығысқан.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам зардап шекті, ол Ақкөл орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Оқиға орнынан бес адам эвакуацияланды, олардың ішінде 2022 жылы туған бала да бар.

Полиция Ақмола облысындағы жолдардың 41 учаскесі жабылғанын хабарлады.