27 рейс кешігіп жатыр.
Астана әуежайы уақытша жабылды
3,262
оқылды

Астана халықаралық әуежайы ауа райының бұзылуына байланысты уақытша жабылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қолайсыз ауа райына байланысты Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы 30 желтоқсан сағат 09.00-12.00 аралығында жабық. Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктірілуде. Сондай-ақ әуежайдағы ұшу-қону үшін қолайсыз ауа райы орнауына байланысты әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады",  деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. 

Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, 27 рейс әлі де кешіктірілуде.

Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылап алғаны жөн.

Сонымен қатар  әуекомпанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады.