Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде пайда болды.
Астанадағы дәмханадан уланғандар саны 37 адамға жетті
1,017
оқылды

Астанада  Okadzaki мейрамханаларының бірінде тамақтанған 37 адам уланған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іле-шала қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс басталғанын хабарлады. Қоғамдық тамақтану нысанындағы жаппай тағамнан улану жағдайы осы айда тіркелген. Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Есіл ауданының Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дәл осы Okadzaki мейрамханалар желісінің бірінде былтыр 100-ге жуық адам уланған.

Okadzaki мейрамханасындағы улану жағдайы желтоқсан айында болды, ол бойынша қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні зардап шеккендердің саны - 37 адам. Өтініш берушінің шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде", - деп жазды ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.