Жаңажылдық мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
ІІМ басшысы мереке қарсаңында мәлімдеме жасады
1,218
оқылды

ІІМ басшысы Ержан Сәденов мереке күндеріне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткізілген жедел кеңесте Ішкі істер министрі қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді.

"Бүгіннен бастап ерекше бұйрыққа дейін біз қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына көшеміз. Құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жаяу нарядтардың санын көбейтуді, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтауды, құқықбұзушылықтардың жолын кесуді, мүлдем төзбеушілік пен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырамын. Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек", – деп атап өтті Ержан Саденов.

Сонымен қатар кеңесте жеке құрамға еліміздің барлық өңірлерінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылды.