Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштері қатарына қабылданды.
Боксшы Санжар Тәшкенбай әскер қатарына алынды
2,776
оқылды

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол «Отанды сүю – иманнан» деп жазған суретінің астына.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.

Сонымен қатар 20 жастағы қазақстандық боксшы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.