Кеше Қостанайдағы облыс орталығының іргесіндегі Дружба ауылында өрт болды.
Қостанайда қонақүй өртенді
719
оқылды

Екіқабатты «Жібек жолы» қонақүйінің ғимаратын жалын шарпыды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпаратты жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті растады. Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және бірінші қабатының бір бөлігін шарпыған. 

Алдын ала өрт аумағы 900 шаршы метр аумақтың 450 шаршы метрін қамтыған. Айта кетейік, өрт кезінде ғимарат пайдаланылмаған. 

– Өрт сағат 13.18-де сөндірілді. Оқиға орнына құтқару қызметтері шықты: ТЖД қызметкерлері мен 13 бірлік техника, Полиция департаментінің қызметкерлері және 4 бірлік техника, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен 1 бірлік техника. Өкінішке қарай, өртті сөндіру кезінде әйелдің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, өрттің шығу себептері жан-жақты тексеріледі», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.