Тұман, жел, көктайғақ: 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағында атлантикалық циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады.

Ел аумағы бойынша жауын жауып, республиканың шығысында қар, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, екпінді жел соғып, бұрқасын болады.