ҚР ТЖМ қазақстандықтарды алыс сапарға шықпауға шақырады.
Өткен тәулікте 465 адамды құтқарды – ТЖМ
910
оқылды

Кеше еліміздің құтқару мамандары жол бойында қалған 465 ересек, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

«Қарағанды облысының автожолдарында 52859 әскери бөлімінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды. Олар жақын маңдағы кемпингтерге, жылыту пункттері мен елді мекендерге жеткізілді. Бұқар жырау ауданында 29 қарашада ауа райы қолайсыздығынан мал бағуға шығып, елді мекенге өз бетінше жете алмаған 3 адам табылды», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, Қарағанды облысы Абай ауданында қар құрсауында автокөлікпен қалған 4 адамды іздеу жұмыстары жүргізілген.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды таңда тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.

«Одан бөлек Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында 29 желтоқсанда жылқы табынына шыққан жылқышы іздестірілді. Іздеу тобы жоғалған адамды тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді», – деп жазылған ТЖМ-ның соңғы ақпаратында.

Осы ретте ведомство азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.