Күдікті өз кінәсын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Таразда жаңа жылдық шыршаны өртеген ер адам ұсталды
980
оқылды

31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Негізгі шырша Президент паркінің аумағында орналасқанын атап өту қажет.