Перзентханаға қолхат жазып, тастап кеткенін айтқан әйел табылған.
"Жәнібек Қазақстаннан ұшып кетті": бельгиялықтар асырап алған балаға қатысты жаңа дерек айтылды
Фото: әлеуметтік желіден
12,838
оқылды

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан визасының мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетті. Ол анасын іздеуге қайта келетінін айтты. "Бармысың, бауырым?" бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызы Жәнібекке қатысты жаңа деректерді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, перзентханаға қолхат жазып, тастап кеткенін айтқан әйел табылған. Алайда ДНҚ сараптамасы бойынша нәтиже теріс шыққан. Қазір бала перзентханада ауысып кеткен болуы мүмкін деген де болжам бар.

"Жәнібек бүгін Қазақстаннан ұшып кетті, бірақ ол оралады, солай ғой, Жәнібек? Қазіргі нәтиже: қолхат жазған, перзентханаға ұлын тастап кеткен әйел табылды, өкініштісі, ДНҚ сараптамасының алғашқы нәтижесі теріс шықты. Тағы да қосымша тексеріп жатырмыз. Қазіргі болжам: бала ауыстырылған сияқты, өйткені перзентхана архивіндегі бүкіл мәліметті растап, қолхат жазғанын мойындап отырған әйел – Жазира табылды. Ал Жәнібек Жазираның ұлы болмаса, Жазираның өз ұлы қайда? Біз ендігі кезекте 2002 жылғы қаңтарда Арқалық перзентханасында босанған әйелдерге іздеу саламыз. Нәресте кезінде бала ауысып кетсе, қазір Жәнібектің туған анасы Жәзираның баласын бағып отыруы мүмкін ғой? Жәнібектің фотосына қарап, туған ата-анасы өзін тануы да мүмкін. Бұл тек болжам. Жәнібек "Қазақ" радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары редакциясына заң бойынша сенімхат беріп кетті. Аталған оқиғаға қатысты маңызды мәлімет болса, 8-771-321-97-86 (Asel) нөміріне уатсапқа жазсаңыздар болады, кез келген ақпарат құпия түрде қабылданады", – деп жазды ол.