Дәрігерлер мерекеде күрделі ота жасады.
Дәрігерлер 9 науқастың жүрек, бауыр, бүйрегін ауыстырып, ажалдан аман алып қалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен алынды
4,934
оқылды

Дәрігерлер шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсетті. Атап айтқанда, бірден 9 пациенттің ағзасын ауыстырды. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығы өңірдегі әріптестерінің және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің көмегімен операцияны сәтті жүзеге асырды. 

 

Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында бауыр, Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында жүрек пен өкпе, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында екі баланың бүйрегін ауыстырды. 

Қолайсыз ауа райында кардиобригада Павлодарда науқасты тасымалдауды кешіктірді. Соған қарамастан, дәрігерлер науқасқа шұғыл көмек көрсеттті. Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында ересек адамның және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында баланың бүйрегін ауыстырды.

Барлық операция сәтті өтті.