31 желтоқсан сағат 9.00-24.00 аралығында облыстық перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан 30 сәбидің 14-і – қыз, 16-сы – ұл бала.
Атырауда 30 сәби дүниеге келді
1,122
оқылды

Ал 1 қаңтар күні 00.00-16.00 аралығында  5 сәби өмірге келген. 

Сондай-ақ желтоқсанның 31-і күні сағат 15.20-да Атырау қаласында егіздер дүниеге келді. 

1 қаңтарда Индер мен Құрманғазы ауданында бір-бір сәбиден өмірге келген. 

Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.

Жаңа жыл қарсаңында облыс бойынша 52 бригада, қалада 32 бригада, 104 фельдшер мен 52 жүргізуші тәулік бойы медициналық қызмет көрсетті.

Баян Жанұзақова