2 қаңтарда Көкшетау, Бурабай, Атбасар, Павлодар бағыттары бойынша 4 қосымша қалааралық пойыз жүрмек.
Астанадан 4 аймаққа қосымша пойыздар жүреді
www.zhdbilety.kz
2,853
оқылды

Биылғы жылдың 2 қаңтарында қосымша мына бағыттар бойынша пойыздар іске қосылды:

•Астанадан Атбасарға сағат 8.38-де №6803/6804 «Астана-Атбасар» электр пойызы жөнелтіледі. Жолаушыларға 274 орын ұсыну көзделген. Кері бағытта пойыз сол күні Атбасардан сағат 14.40-та жүреді.

- Астанадан Көкшетауға сағат 17.00-де №6805/6806 «Астана-Бурабай-Көкшетау» бағытындағы электр пойызы (376 орындық) жүреді. Кері бағытта пойыз Көкшетаудан сағат 22.35-те жөнелтіледі.

- Павлодардан Астанаға сағат 11.57-де №7509 «Павлодар-Астана» бағытындағы электр пойызы жолға шығады.(376 орын). Электр пойыз Астанаға сағат 14:49-да келеді.

- Бурабай курорты стансасына дейін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты»). Ол Астанадан сағат 10.10-да жөнелтіледі, жолаушыларға 276 орын беріледі. Кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14.48-де кетеді. 

Жалпы, жаңажылдық мерекелерге - 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың қосымша орын ұйымдастырды. Соңғы 2 күн ішінде 4 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ вокзалдар мен пойыздар да жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, азаматтарға ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433»тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.