Атыраулық полицейлер мұз ойығынан суға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарып қалды.
Атырауда жасөспірім мұз астына түсіп кеткен
kaztag.kz
1,339
оқылды

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылып, суға түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен. Хабарлама бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері  Жанарыс Ғапу, Арсен Муратов,  Мерей Құрманғазы және әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Габитов дереу оқиға орнына жеткен. Мұз ойығынан басы ғана көрінген адамды полицейлер бірден құтқаруға кіріскен, – делінген мәліметте.

Сөйтіп, Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап, мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеген. Ал әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрген. Өзге полицейлер  оларды жағаға тартып шығарған.