Жасыратыны жоқ, теледидар алдында ұйықтап қалу – көпшіліктің әдеті.
Теледидар алдында ұйықтап қалу – денсаулыққа қауіпті
1,570
оқылды

Алайда мұның денсаулыққа зиын екенін көбісі біле бермейді. Білікті маманның айтуынша, теледидар алдында ұйықтап қалу – адам бойындағы ауруды өршіте түседі. 

"Теледидар қарап жатып ұйықтап қалу – денсаулыққа зиян. Мұндай әдеттен құтылу керек. Теледидардан түсетін жарық пен шығатын дыбыс тыныш ұйықтауға кедергі келтіріп, миды демалдырмайды. Ал бұл ауыр аурулардың өрши түсуіне әкеледі", –  деді Ребекка Суэйн.

Маманның сөзінше, либидоның төмендеуі. Ұйқысы қанбайтын адамдарда әдетте тестостерон гормонының деңгейі төмендеп, олардың жыныстық құмарлығы бәсеңдейді.  Оған қоса, теледидар экранынан түсетін жарық пен дыбыс ұйқы циклін бұзып, депрессия мен мазасыздық деңгейінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Сонымен қатар  ұйықтап жатқанда теледидардан түсетін көгілдір жарық пен экран тәбет ашатын гормондардың өндірілуіне әсер етеді. Сөйтіп, адамға артық салмақ пен семіздікке әкеледі.  

Үшіншіден, қант диабеті. Жасанды жарық ағзадағы глюкоза деңгейін бұзады. Бұл инсулинге төзімділік пен қант диабеті қаупін жоғарылатады. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, түнде теледидар алдында ұйықтаған адамның көпшілігі 2 типті қант диабетімен ауырады. 

Төртіншіден, жасанды жарық ұйықтап жатқан адам ағзасының табиғи жұмысы мен глюкозаны басқару қабілетін бұзады. Бұл жүрек соғысын жиілетіп, ақыр соңы түрлі жүрек ауруына шалдығу ықтималдылығын арттыруы мүмкін.