Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің әлеуметтік желідегі парағында хабарлады. Ғалымның ашқан аталмыш жаңалығы елдегі аграрлық саланы дамытуға септігін тигізбек.
Қазақстандық ғалым қартаюды тежейтін генді тапқан
4,955
оқылды

Жас биотехнолог Жадырасын Нұрбекова өсімдіктердің қартаюын бәсеңдететін ген қасиетін тапқан.  Ғалым 5 жыл бойы Arabidopsis thaliana өсімдігіне эксперименталдық зерттеулер жүргізген. Оның арқасында Альдегид оксидаза 3 генінің жаңа қасиеті анықталып, өсімдіктің өмірін ұзартуға мүмкіндік туып отыр. Олардың мерзімі стрестік жағдайларға байланысты өзгереді. Мәселен, өсімдіктердің  өмірі 20 күнге немесе 1 айға ұзартылуы мүмкін екен. 

ЕҰУ жас ғалымының ғылыми жаңалығы өсімдіктер туралы үздік 10 журналдың қатарына енген  The plant journal  басылымында жарияланды. Сонымен қатар бұл журнал халықаралық Scopus және Web of Science деректер қорына енгізілген. Жадырасын Нұрбекова ЕҰУ-да бакалавриат пен магистратурада «Биотехнология» бағыты бойынша білім алған. Одан кейін жас ғалым оқуы мен ғылыми қызметін Израильде жалғастырды. Ол Бен-Гурион университетінде 7 жыл докторантура мен постдокторантурада оқыды. Биыл жас ғалым өзінің альма-матеріне оралып, студенттерге зерттеу тәжірибесін айтып жатыр, – дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.