Апат аяқасты болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Атырауда газ жарылып, тұрғын үйдің күл талқаны шықты
Фото: Атырау облысы ТЖД-нен алынды
1,072
оқылды

Бүгін құтқарушыларға сағат 11.10-да Атырау қаласы Көкарна ауылы Көкарна көшесінде тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ жарылғанын анықтады. Жарылыс дүмпуінен 9 шаршы метр қабырға қирап, 140 шаршы метр үй өртенген. 

 

Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де толық жойылды.

Өрт салдарынан 5 адамды күйік шалды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.