Волонтерлер әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп жатыр.
Астаналық волонтерлер жалғызбасты жандар мен қарттарға көмек көрсетті
805
оқылды

Астаналық волонтерлер тұрғындарға үй маңындағы қарды күреуге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының бұзылуына байланысты қайырымдылық көмек көрсетіліп жатыр. Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызды. Соған байланысты «Астана Жастары» және «Жастар рухы» волонтерлері елорданың екі ауданындағы 5 тұрғын үйдің ауласын қардан тазартуға көмектесті.

«Мұндай көмек болғаны қандай тамаша. Жеке үйде тұрғандықтан қыста қар күреу қиындық туғызады. Маған бүгін көмір әкелуі тиіс еді, ал қақпаны қар басып қалған. Сондықтан бұл дер кезінде көрсетілген көмек болды. Қарды өзіміз күресек әрине, қиын болар еді», – деді Астана тұрғыны Галина Вербовская.

Атап өтерлігі, елордалық волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратуға көмектеседі.