Жасөспірім петарданы тұтатқан соң лақтырып үлгермеген.
Өскеменде жасөспірімнің қолында петарда жарылып, ауруханаға түсті
800
оқылды

Өскемен қаласында петарда атпақ болған жасөспірім ауруханаға түсті,  деп хабарлайды Aikyn.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім алған жарақатының салдарынан ауруханаға жатқызылды.

«Жаңажылдық мереке күндері жасөспірім жарылған петарданың салдарынан қолынан жарақат алды. Ол жолда отшашуды байқап, көтеріп, тұтандырды, бірақ лақтырып үлгермеді. Петарда қолында жарылды. Жасөспірім ана мен бала орталығына жатқызылды»,  деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.