Ол жергілікті кәсіпкерлерден пара алды деген күдікке ілінді.
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды
2,817
оқылды

Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген айыппен ұсталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап. 

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сома мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға, орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.