Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Таразда жолдың қарсы жолағына шығып кеткен автобус 10 көлікпен соғысты
Фото: egemen.kz
5,442
оқылды

Таразда қарсы бетке шығып кеткен автобус 10 көлікпен соқтығысқан. Оқиға қаланың қақ ортасындағы негізгі жолдың бірі саналатын Төле би көшесінде, банк бөлімшесінің жанында болған,  деп хабарлайды Aikyn.kz «В Таразе всегда солнечно» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан видео мен фотосуреттерді қала тұрғындары түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр.

Ірі жол-көлік оқиғасы бүгін, 4 қаңтарда сағат 10.45 шамасында тіркелген.

«Тараздағы Төле би даңғылымен келе жатқан №56 маршруттық автобусының 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан тұрақта тұрған көліктермен соқтығысқан (10 бірлік автокөлікпен). Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болғаны анықталды. Олардың бірі – жарақат алған 56 жастағы әйел қалалық ауруханаға жедел жеткізілді»,  деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.