Зардап шеккен науқастар ауыр жағдайда ауруханада жатыр
Атырауда газ баллоны жарылған үйде екі адам қаза тапты
636
оқылды

Атай да, әжей де 90-95% күйікпен Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі уақытта екі баланың анасы 90% күйікпен облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде аппарат күшімен жатыр.

Балалар ауруханасына түскен екі сәбидің жағдайы ды нашар. Ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан балаларға ем көрсетілуде.

Еске сала кетсек, 2 қаңтар күні Көкарна ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 5 адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Олардың ішінде облыстық ауруханаға ересек 3 науқас, балалар ауруханасына 2 науқас жеткізілді. 

3 қаңтар күні 1965 жылы туған ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бүгін 4 қаңтар күні 1970 жылы туған әйел адам жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі таңда қалған науқастардың жағдайлары ауыр деңгейде. 

 

Баян Жанұзақова