Жиында Жамбыл ауданындағы басым сала ауыл шаруашылығы болғандықтан, төрт түліктің жемшөбі мен жайылымы туралы, сондай-ақ егін алқаптарын суғаруға байланысты өзекті сұрақтар талқыланды.
Алматы облысының тұрғындары жайылым мен су мәселесін көтерді
854
оқылды

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Өңірдің проблемаларын талқылауға ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиында Жамбыл ауданындағы басым сала ауыл шаруашылығы болғандықтан, төрт түліктің жемшөбі мен жайылымы туралы, сондай-ақ  егін алқаптарын суғаруға байланысты өзекті сұрақтар талқыланды. Мұндағы суару жүйелерінің тозығы жеткендіктен, тасымалдау кезінде судың 80% жоғалады. Осыған байланысты аудандағы су жүйелерін қалпына келтіру үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 28 млрд теңге қарастырылып, оның биыл 1 млрд теңгесі бөлінген.

Жүздесу барысында ауыл халқын толғандырып жүрген таза ауызсумен қамтамасыз ету, мектепке арналған қосымша ғимараттың құрылыс жұмысы, қаңғыбас иттерге қатысты көптеген мәселе  көтеріліп, депутат нақты сұрақтарға жауап берді.

Кездесуден кейін Данияр Қасқарауов Ұзынағаш ауылындағы 1 500 балаға арналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген жаңа мектептің жұмысымен танысты. Бұл білім ошағы заманауи құралдармен жабдықталып, оқушылардың  білім алуына барлық жағдай жасалған.

Алдағы екі жылда Жамбыл ауданында осындай 8 мектеп салу жоспарланып отыр.