Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне сұхбат берді.
Президенттің сұхбаты қоғамға айтарлықтай ой салды – Бибігүл Жексенбай
1,587
оқылды

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, мақалада көптің көкейіндегі көп мәселе қозғалып, нақты жауап-бағдарлар айтылған. 

Ел Президенті жұрт аузында жүрген әңгімелерге ашық пікірін білдіріп, бірқатар мәселелер туралы мәймөңкелеусіз ойын айтқан. Қаңтар оқиғасы, қос билік , және ескі жүйе мен түрлі ықпалды ескі күштер турасындағы көп қауесеттерге нүкте қояды. 

Тоқ етерін айтқанда, Президент көп сөзді қойып ел болып, бүгініміз бен ертеңімізге білек сыбанып, жұмыс істейтін уақыт екенін шегелеп айтқан. 

Ол үшін үздіксіз заңнамалық заңдар толықтырылып, жетілдіріліп жатыр. 

Ұлу жылында Қазақстанның халықаралық деңгейдегі үлкен шараларға ұйытқы болуы да аса маңызды. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ. 

«Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз», – деді Президент.

Әлемдік деңгейдегі саясаттанушылар мен сарапшылар ХХІ ғасыр – «Азия ғасыры» дегенді жиі айтып жүр. Тіпті олардың айтуынша, Азияның болашағы әлемнің болашағына әсер етеді. Іргеміздегі Қытайдағы технологиялық-өндірістік үдеріс оған дәлел. Азия мен Еуропаны жалғаған біздер үшін де бұл зор мүмкіндік екенін Қ.Тоқаев баса айтып отыр. Бұл процестің бағытында Орталық Азияда біздің назарымызды қажет ететін мәселелер бар.

«Орталық Азия – геосаяси ахуалға қатысты өз пайымы бар әрі қарқынды дамып жатқан аймақ. Бүгінде бұл өңір сауда, инвес¬тиция, бизнес, инновация үшін жаңа мүмкіндіктер орны болып отыр. Сол себепті, әлем елдері Орталық Азияға айрықша назар аударуда. «С5+» үлгісі маңызды диалог алаңына айналды».

Мемлекет басшысының айтуынша, тұрақты әрі өзара сенімге негіздел¬ген жоғары деңгейдегі диалогтер болмаса, аймақтағы мемлекеттердің басқа да ықпалды елдермен қарым-қаты¬насын қарқынды дамытуы неғай¬был еді. Соңғы жылдары бұл бағыт¬та біршама ілгерілеу бар. 

«Әсіресе, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жыл сайынғы консультативтік кездесулері нәтижелі өтіп келеді. Айтпақшы, Қазақстан төраға ретінде биыл да осындай үлгідегі кез¬десу ұйымдастырады». 

Биылғы жылы Қазақстан өңірлік және халықаралық деңгей¬дегі бірқатар ықпалды ұйымдар мен бір¬лестіктерге төрағалық етеді. 

Тағы бір маңызды шара – Астана халықаралық форумы. Биылғы мау¬сым айында өтетін алқалы жиынға әлемнің көптеген көшбасшысы мен жаһандық деңгейдегі компаниялардың жетекшілері қатысады. Жиында кли¬мат¬тың өзгеруі, азық-түлік тапшы¬лығы және энергетикалық қауіпсіздік сияқты барша елдерге ортақ мәселелер талқыланады.

Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзінше, бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болып отыр.

Дегенмен, кез келген жүйелік дағдарыс қауіптердің кең ауқымын тудырумен қатар, өзімен бірге жаңа бірегей мүмкіндіктерді де алып жүреді. 

Сондықтан бізге сол мүмкіндіктерді жіберіп алмау жолында күш біріктіріп, бірлесе жұмыс істеу маңызды. 

Мемлекет басшысының ауқымды сұқбаты биліктің барлық тармақтарына үлкен жауапкершілік пен жалпы қоғамға айтарлықтай ой салады.