Екпінді жел, тұман, көктайғақ: 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша екпінді жел соғып, көктайғақ болады.

"Қазгидромет" синоптиктері 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.