Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың туыстары өтемақы талап етті
1,214
оқылды

Алматыда автобус апатынан қайтыс болғандардың туыстары автобус паркінен өтемақы талап етіп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Автобус апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты Талап Қосымов пен Гүлжахан Жетпісбаеваның туысы Сүйінбай Оңалбекұлы парк өкілдерінің бір аптадан кейін ғана көңіл айтқанын жеткізді. Айтуынша, тіпті сол кезде де көмек көрсету туралы жақ ашпаған. Ал бұл отбасының артында төрт баласы қалған. Тұрып жатқан баспанасы да несиеге алынған екен.

– Банктен 17 миллион, қалғанын өздері ауылдағы үйі мен көлігін сатып пәтер алды. Сол банктегі ақшасы жабылса балаларына баспана қалар еді. Енді автобус паркі жағынан үміт күтіп отырмыз. Үмітімізді ақтайтын шығар деген ойдамыз, – деді Сүйінбай Оңалбекұлы. 

Мамандардың пікірінше, сот шешімі шыққаннан кейін қайтыс болғандардың жақындары азаматтық сотқа арызданып, сақтандыру компаниясына жүгіне алады. Ал, қоғамдық көлік жүргізушісінің кінәсі болса да, болмаса да бұл жағдайда жәбірленген тарапқа көмек беруі шарт.

– Оның кінәсі болса да, болмаса да бәрібір. Сол келтірілген залалды төлеп беруі тиіс. Адам қайтыс болғанда 2000 АЕК, І топтағы мүгедек болса 1600, ІІ топтағы мүгедектік үшін 1200, ІІІ топқа 500 бала мүгедектік алса болады, – деді "Еуразия" СК атқарушы директоры Гүлнәз Мұхтарова.

Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.