Жер сілкінісінің магнитудасы 4.1 балл болды.
Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды
1,431
оқылды

5 қаңтар күні Алматы уақытымен түнгі 00:51-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл деректі сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 404 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.2.

MPV магнитудасы – 4.1.

Тереңдігі – 10 шақырым.

«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», – делінген кезекші оператордың хабарламасында.