Ұсталған қызметкер 1,5 жылға сотталды.
Шымкентте азаматтарды заңсыз тіркеуге қойған көші-қон қызметкері ұсталды
1,679
оқылды

Шымкентте прокурорлар әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі белгілі болды.

"Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-ге тіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, оны «полиция майоры» шенінен айырып, 1,5 жылға сотталды", – деп жазды бақылаушы органнан.

Сондай-ақ тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Бүгінде кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.