"Қазгидромет" РМК 6-8 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады.
"-30 градус аяз": демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
16,053
оқылды

"Қазгидромет" РМК 6-8 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Болжамға сәйкес атлантикалық циклон және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте де жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады. 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Сонымен қатар, республиканың солтүстік жартысында көктайғақ болып, боран соғады, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

"Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Мәселен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5 градус аяз – 7 градус жылы болады", – делінген хабарламада.