Жылыой ауданы білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінген.
Атырауда білім бөлімінің басшысы ұсталды
Фото: tengrinews.kz
7,422
оқылды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша «Атырау облысы Білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі» ММ бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен ол үйқамаққа алынды.

"Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәліметте.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА