Белгілі эстрада жұлдызы кезекті сәбиін босанатын күні жақындап қалғанын меңзеді.
Буып, түйіп дайын отырмын: Алтынай Жорабаева жаңалығымен бөлісті
13,018
оқылды

Айы-күні жетіп отырған Алтынай Жорабаева бұл жайында Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Буып, түйіп дайын отырмын. Бөпеге қажетті заттың барлығын алып алдық. Інім мен келінім балама алғашқы сыйлығын да беріп қойды", - деген өнер иесі.

Әншінің күйеуі Әлішер де бөпесін көруге асық боп жүргенін атап өтті. 

Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әнші болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді.