Атырауда тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен отбасының тағы бір мүшесі қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан үш айлық сәбидің қайтыс болғанын мәлім етті.
«Кеше, 5 қаңтарда кешкі мезгілде облыстық балалар ауруханасында 2023 жылғы сәби көз жұмды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалған тағы бір бала жатыр», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2 қаңтар күні Атырау қаласы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан бес адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылған еді. Оның үшеуі – ересек, екеуі – бала.