Жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шеккен болатын.
Оралдағы дәмханада болған жарылыстың видеосы тарады
2,907
оқылды

Әлеуметтік желіде Оралдағы дәмханада болған жарылыстың видеосы пайда болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 RIZYQ  дәмханасындағы жарылыс болған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеоны жергілікті "Орал апталығы" басылымы Telegram арнасында жария етті.

Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан ғимарат опырылған болатын.

Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Кейін үшінші адамның денесі үйінді астынан шығарылғаны хабарланды.