Сенат депутаты Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев еңбек ардагерлерімен, зиялы қауыммен, кәсіпкерлермен, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарымен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен және Шардара ауданының жастарымен кездесті.
Шардара тұрғындары депутаттарға баспана проблемасын айтты
1,431
оқылды

Парламентшілер кездесулер барысында Парламент Сенатында атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі және халықты толғандырып отырған өзекті мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталықтарына жіберу, жабдықтардың сапасы, ауылдық жерлерде ипотека бойынша үй салу, ауызсумен қамтамасыз ету және оның сапасына мән беру, жаңа жұмыс орындарын ашу, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу мәселелері көтерілді.

Сенаторлар сапар барысында Шардара су қоймасының жай-күйімен және Шардара су электр стансасының жұмысымен танысты.

Кездесу соңында сенаторлар көтерілген мәселелер мен ұсыныстар Палата жұмысында ескерілетінін атап өтті.