Рудный тұрғыны полицейді қасақана қаққан.
Полицейді қасақана қаққан тұрғынды жауапқа тартты
Фото: polisia.kz
773
оқылды

Осы әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі «Мүгедектерге арналған тұраққа» көлігін қойған. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. 

Ер адам ашуланып, оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.