Қазақ әдебиеті мен руханияты үшін қаралы күн.
Жазушы Ғалымбек Елубай дүниеден озды
2,318
оқылды

Қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні талантты жазушы, қазақтың Чеховы атанған қабырғалы қаламгер Ғалымбек Елубай дүниеден өтті. Бұған дейін "Жүз жетінші көктем" кітабы жарық көрген оның Алаш мұрасын жинақтауда сіңірген еңбегі зор. Себебі ол 2010-2016 жылдары Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қызмет ете жүріп, Алаш қайраткерлерінің құнды еңбегі жарияланған "Ақ жол" газетін транскрипция жасап, 25 томдық кітаптың шығуына себепкер болды.

Ал небәрі 39 жасында өмірден озған жазушының былтыр ғана "Айқын" газетінде "Менің әңгімелерім ешкімнің уақытын ұрламайды" деген сұхбаты жарық көрген болатын.