Қыз есін жимастан ауруханада көз жұмған.
«Көлікке капотты тіркеп сырғанаған»: Оралда 17 жастағы қыз қайтыс болды
Фото: egemen.kz
1,472
оқылды

Орал қаласында автокөлікке капотты тіркеп, сырғанаған 17 жастағы қыз көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасарының мәліметінше, оқиға 5 қаңтар күні Орал қаласына қарасты Ветелки ауылында болған.

Полиция өкілінің айтуынша, сағат 23.41-де 17 жастағы қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмған.

«Полиция қызметкерлері анықтағанындай, қыз достарымен бірге автокөлікке тіркелген ескі капотқа отырып, сырғанаған. Содан газ бағанасына соғылған. Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім Абай көшесінде жол ережесін сақтамай, «ВАЗ-2107» автокөлігіне капотты тіркеген. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», – деді Б.Жаңабаев.