Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-та жасалған ер-тоқым сыйлаған.
Ақтөбелік кәсіпкерлер Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады
4,623
оқылды

Еркін күрестен Қазақстан Республикасы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға ақтөбелік кәсіпкерлер бір үйір жылқы тарту етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Wrestling team Kazakhstan-ға сілтеме жасап. 

«Жылқы – қазақтың рухы екені баршаға мәлім... Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары «Тақымыңнан тұлпар кетпесін» деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-тан қолдан жасатылған ер-тоқымды тарту етті», – делінген хабарламада.

Әлем чемпионы Ақтөбеге барған кезінде облыс әкімі мен басқа да лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, кездесулер өткізді.