Бұған дейін 1931 жылы іргесі қаланған ескі ғимаратта білім алып келген ауыл оқушылары енді жаңа нысанда бір ауысымда оқитын болады.
Жүз жыл бұрын соғылған мектеп қайта жаңғырды
796
оқылды

Мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 452 млн теңге бөлінген, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Құрылыс жұмыстары жоба бойынша, өткен жылдың мамыр айында басталып, өз мерзімінде аяқталып отыр. Құрылысты мердігер мекеме – «ТемирСтрой Сервис и Ко» ЖШС жүргізген.

️Мектеп 17 оқу кабинеті, зертхана, шеберхана кабинеттерімен, асхана, кітапхана, лингафон кабинеті, мәжіліс және спорт залдарымен қамтылған. Жылу жүйесі газбен жабдықталған.

Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 5 мектеп пен 1 мектепке жапсарлас құрылыс пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 17 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің 7-нің құрылысы басталды.