Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова хабарлады.
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды – адвокат
1,818
оқылды

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Aiqyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова хабарлады.

"Өткен аптаның соңында біз Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабар алдық. Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық, бірақ қылмыстық іс материалдарымен әлі толық танысқан жоқпыз. Менің мұндай істер бойынша тәжірибем өте көп, мен бұған дейін кісі өлімі бойынша істерге қатысқанмын, бірақ тіпті менің өзімді сарапшылардың қорытындысы таңғалдырды. Мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың отбасына деген құрметіміз үшін кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау туралы өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі", – деп хабарлады адвокат.