Ақмола облысының Щучье қаласында үй өртенді.
Өртенген үйден анасы мен қызының мәйіті табылды
Фото: видеодан скриншот
829
оқылды

Өртенген үйден анасы мен қызының мәйіті табылды. Төрт пәтерлі үйдегі басқа үш отбасы қыста баспанасыз далада қалды. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қос қабатты үй күндіз сағат 12 шамасында өртенген. Ағаштан салынған ескі үй әп-сәтте өртеніп кеткен. Өрт кезінде үш отбасы далаға шығып үлгерген. Ал 64 жастағы анасы мен 39 жастағы қызының мәйіті өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің арасынан табылды. 

Қайтыс болған екі әйел бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал далада қалған алты адам туысқандарын паналап кеткен. 

Әкімдік әр отбасына 120 мың теңгеден материалдық қолдау көрсетеді. 

Қазір қылмыстық іс қозғалды.