Бір қолында сотка, бір қолында пульт ұстаған Болаттың анасының образы осы мәселеге назар салғызады.
Танымал журналист ауыл халқына трендтегі "Дәстүр" фильмін көруге кеңес берді
1,635
оқылды

Белгілі журналист Самал Ибраева елдің қызу талқысына түскен "Дәстүр" фильмі жайлы өз ойын ортаға салды, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Ол аталған фильмді ауыл халқына көруге кеңес берді. Бұл ретте, журналист аталған фильмді ұлттық арна арқылы ауыл халқына көрсетуді ұсынды. 

"Қуаныш Бейсековтің ”Дәстүр” фильмі кассалық рекорд жинады деп қуанып жатырмыз. Әрине, мән-мағынасы жоқ комедия көргеннен елдің “Дәстүрді”, “Оян, қазақты” көргені санаға әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен  киноға баратын қауым сол бір орта.

Ұсынысым. Осы “Дәстүр” фильмін “Қазақстан” ұлттық арнасы алып, ұлттық телеарнадан көрсетсе. Киноға бара алмайтын ауылда қаншама халық бар ғой, солар көрсе деймін…

Фильмнен кейінгі месседж. Ұлдарыңызды тәрбиеліңіздер, халайық. Ал тәрбиені беретін кім? Бірінші кезекте, ана. “Дәстүрде” бұл линия жақсы көрсетілген. Күні бойы “Қалаулым” көретін қауым саналы ұрпақ тәрбиелей ала ма? Бір қолында сотка, бір қолында пульт ұстаған Болаттың анасының образы осы мәселеге назар салғызады", – деп жазды ол.