Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматы облысы Жамбыл ауда­нында «Алтын қадам» тігін фабрикасы­ның тігін­шілерімен жүздесті.
Кәсіпкерлер шикізатты  шетелден алдыруға мәжбүр
779
оқылды

Бүгінде мұнда 100-ден астам адам жұмыс­пен қамтылған. Тігін цехы негізінен мемле­кеттік және шетелдік тапсырысты орындайды. Қызметкерлердің 95%-ы – қыз-келіншектер. Жұмысшылардың жалақысы 150-200 мың теңгені құрайды.

Кездесуде Максим Рожин гендерлік тең­дікті қамтамасыз ету, әйелдердің құ­қығын қорғау және отбасылық құнды­лық­тарды нығайту мәселесі әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін айтты.

«Президент ана мен баланы қорғау, от­басы тәр­биесі мен отбасы құндылықтары мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Мем­лекеттің басты тірегі – бақытты, бақуатты отбасы. Сондықтан отба­сындағы ізгілік, адам­гершілік, сыйластық қарым-қатынасын берік сақтау маңызды. Оның қадір-қасиетін сіз­дерден артық ешкім білмейді. Қазақтың әйел­дері – отбасының жылуы, ортақ Отаны­мыздың тірегі», – деді Максим Рожин.

Кездесу барысында жұмысшылар өздерін толғандырған мәселелерді айтып, сұрақтарын қойды. Депутатпен көкейкесті проблемаларды талқылады.

«Отандық өндірісті, отандық өнімді қол­дау – аса маңызды мәселе. Қазақстандағы кәсіп­орындар мемлекет тарапынан қолдау тауып келеді. Алайда біз шығаратын өнім­дердің ши­кізаты Қазақстанда жоқ. Сондықтан шетелден алдыртуға тура келеді. Ал оның 30% салығын кеден бекеттеріне төлеуге мәж­бүрміз», – деді фабрика өкілі Әмина Қанашаева.

Тараптар өңірдегі өзекті мәселелерді және оларды заң жүзінде шешу жолдарын талқы­лады. Мәселенің анық-қанығына жеткен мәжілісмен бұл мәселені өз бақы­лауына ала­тынын жеткізді.

Жұмысшылар өңірде мұндай тігін фабри­калары дамып келе жатқанын айтып, мемле­кеттік сатып алулар заңы аясында шетелдік емес, отандық өнімнің неғұрлым көбірек са­тылу тетіктері қарастырылса деген тілек білдірді.

Бердібек ҚАБАЙ